Top.Mail.Ru
Шымкентте көлік қозғалысын реттеген оқушы желіде жұлдыз болды

Шымкентте көлік қозғалысын реттеген оқушы желіде жұлдыз болды

Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасына тұрып, өздігінен көлік қозғалысын реттеген жеткіншектің видеосы лезде тараған болатын.

Бұл жағдай миллионер қаланың Сайрам орталығында болған. Кенеттен бағдаршам сөнгенде, жақын маңда полицейлердің жоқ екенін көрген Дастан, кептелістегі көліктерге бірден көмекке ұмтылады. Бір қызығы жүргізушілер жас нұсқаушыға бірден бағынып, кептелісті сейілткен.

 «Шымкентте полицейлер көлік кептелісін қалай реттейтінін бірнеше рет көргенмін. Олардың істегенін қайталадым. Рас, таяқшам мен ысқырығым болмады. Сол үшін қолыммен көрсетіп тұрдым. Көлік жүргізушілері маған ол үшін алғыс та білдірді», – дейді мектеп оқушысы Дастан Өміртаев.

Жаңа желі жұлдызы сол күні үйге жаттығудан қайтып келе жатқан екен. Анықталғандай  ол Шымкент қаласының №114 мектептің жетінші сынып оқушысы.

Бұл жағдай ата-анасы мен оқытушылардың уайымына себепші де болыпты. Ата-анасы баласының әрекеті үшін алғыс білдіріп, келесі жолы қайталамауын сұраған. №114 мектептің басшылығы да Дастанмен әңгімелесу жұмыстарын жүргізген.

“Бір жағынан баланың көшедегі адамдарға көмектескені жақсы, әрине. Біз оған алғыс айттық, бірақ қауіпсіздік мәселесі бар. Бұл тақырыпта жиналыста оның ата-анасымен сөйлестік. Көшеде бір жағдай бола қалса, шұғыл қызметтерге хабарласу керек”, – дейді №114 орта мектебінің директоры Асқар Өмірәлиев.

Батыр баланың мектепте озат әрі үлгілі, белсенді, жүзумен айналысып, ағылшын тілін тереңдетіп үйреніп жүргенін, сонымен қатар әркез көмекке келуге дайын тұратынын айтты педагогтар. Жеткіншек болашақта кәсіпкер болғысы келеді екен.

Полицейлер балақайдың әрекетін қалай бағалары белгісіз. Олар видеоны зерттеп жатыр.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облыстық соты судьясының ірі көлемде пара алған сәтінің видеосы тарады[:]

Tue Feb 4 , 2020
Ол сотталушының жазасын жеңілдетпек болған. Құқық қорғаушылар Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. Лауазымды тұлғаны ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімі мамандары жүргізген. Ә.Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуге […]
Top.Mail.Ru