Top.Mail.Ru
Жас жұбайлар көпбалалы анаға екі бөлмелі пәтер сыйлады

Жас жұбайлар көпбалалы анаға екі бөлмелі пәтер сыйлады

Үйлену тойында сыйлыққа пәтер алған жас жұбайлар, үйдің кілтін Ақтөбелік жалғызбасты, көп балалы анаға табыстады.

Жақын арада қоныс тойын тойлайтын әйелдің есімі – Әсия. Ол ұзақ уақыттан бері қарт әжесі мен сырқат анасына қамқор болып жүр.

Күйеужігіт Нұрболат Елеусізов – Ақтөбе облысы бойынша “Харекет” қайырымдылық қорының өкілі. Ол өміріндегі ең маңызды күні игі іс жасауға шешім қабылдаған. Осыған дейін де жас жігіт мұқтаждарға көмектесіп, акцияларға белсенді қатысып келген.

Нұрболат көп балалы анаға екі бөлмелі пәтер кілтін той барысында, туған-туыстары мен жақындарының алдында табыстады.

Айта кету керек, “Харекет” қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға  165 пәтер сыйлады.

Асия ханымның үйі Ақтөбе облысындағы 12-і баспана.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]"Қалада әліге дейін мүгедектерді оңалту орталықтары және онда мамандар жетіспейді"[:]

Wed Feb 5 , 2020
Шымкент қаласындағы мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсартудың ұлттық жоспарын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Жұмағали Білісбеков, қалалық басқарма басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысып, осы мәселе жөнінде атқарылған жұмыстарды талқылады. Бауыржан Шереханұлы партияның алдында тұрған […]
Top.Mail.Ru