Ұшақ апатынан аман қалғандар: «Өмірге қайта келдім»

2019 жылдың  27 желтоқсан күні, таңғы сағат 7.22-де  Алматы–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан Бэк Эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі әуеге көтеріле бере биіктіктікті сақтай алмай соғылған еді.

Ақпаратқа сәйкес, бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқыш та бар, 67 адам жарақат алды, оның 49-ы ауруханаға жатқызылды.

Осы апаттан аман қалып, өмір сүруге екінші рет мүмкіндік алған жолаушылардың жантүршігерлік оқиғасы және апаттың құрбаны болған журналист Дана Круглова жайлы естеліктер негізінде КТК телеарнасының дайындаған телесюжетін ұсынамыз.

“…Қазір отбасыма қарап  Аллаға шексіз шүкір айтамын, бізге екінші мүмкіндік берді. Мен оларды бұрынғыдан да  қатты жақсы көріп, өте көп уақыт өткізетін боламын.  Біз үшеуіміз ғой, сондықтан апат салдары біз үшін 3-4 түрлі болуы мүмкін еді. Ол кезді елестете алмаймын. Бірақ ең жақсы нәтиже біз үшін сөзсіз осы болды. Сол үшін шексіз алғысымды айтамын… “

 

Дереккөз: КТК телеарнасы

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысы жедел жәрдем қызметіне 300-ге тарта маман жұмысқа қабылданды[:]

Fri Feb 7 , 2020
Облыстық жедел жәрдем қызметіне фельдшер мамандары іріктелді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қадағалауымен өткізілген конкурстың комиссия құрамында облыстық мәслихат депутаты, БАҚ өкілдері мен кәсіподақ мүшелері болды. Өңірдің барша аудан-қалаларындағы жедел жәрдем стансаларында жұмыс істеуге 318 үміткер ниет білдіріп, олар бірнеше сыннан […]