Top.Mail.Ru
Қордайдағы қақтығыстан 30 үй, 23 көлік өртенді – ІІМ

Қордайдағы қақтығыстан 30 үй, 23 көлік өртенді – ІІМ

Қоғамдық тәртіпті орнықтыру барысында полиция қызметкерлері де жарақат алды.

Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордай ауданы Масанчи ауылындағы төбелес салдары туралы айтты.

«Төбелеске қатысқандар полицияға күшпен қарсылық танытты. Олардың заңды талаптарына бағынбай қойды.

Бұзақылар металл заттарын, тастарды, қару қолданды. Төбелес Ауқатты, Бұлан батыр ауылдарын да қамтыды. Қоғамдық тәртіпті орнықтыру барысында полиция қызметкерлері де жарақат алды. Екеуіне оқ тиді. Алдын-ала мәліметтер бойынша, бұзақылар қойған өрттен 30-дан аса үйге, 15 сауда үйі, 23 автомобильге зақым келді», – деді ол.

Министр сонымен бірге, бөбелеске қатысқан 47 адам қамауда отырғанын айтты. Оқиға бойынша адам өлтіру, бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Еді-мекендерді бойлай бақылау-өткізу пункттері орнатылып, жедел тергеу тобы құрылды. Оқиға орнына Ішкі істер министрінің және Бас прокуратурдың орынбасары аттанды. Қақтығыс жойылды»,- деді Ерлан Тұрғымбаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үйлері мен басқа да дүниелеріне зақым келген тұрғындарға шығынды кім өтеп беретінін Бердібек Сапарбаев басқаратын комиссия шешетінін айтты. Төбелестің нақты себебін де аталған комиссия анықтайды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Оскар-2020 жеңімпаздары анықталды[:]

Mon Feb 10 , 2020
«Паразиттер» фильмі ең басты жүлделерге ие болды. «Оскар» тарихында бірінші рет шетелдік туынды ең басты екі жүлдені қатар алды. Бүгін Лос-Анджелес қаласында Америка киноакадемиясының 92-ші «Оскар» сыйлығымен марапаттау рәсімі аяқталды. Негізгі жүлде кореялық режиссер Пон Джун-хоның «Паразиттер» фильміне бұйырды. «Паразиттер» – «Оскардың» «үздік фильм» және «үздік шетелдік фильм» номинациясын бірдей […]
Top.Mail.Ru