Top.Mail.Ru
Жамбыл облысының әкімі ауысты

Жамбыл облысының әкімі ауысты

Асқар Мырзахметовтың орнына Жамбыл облысының әкімі болып Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

Бұл ақпаратты Ақорда сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды» және «Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», – делінген хабарламада.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысына 2018 жылдың 10 қаңтарында әкім болып тағайындалған еді. 2019 жылы шілде айында өкілеті ұзартылды.

Мырзахметовтың облыс басшылығы қызметінен босауына 7 ақпан күні Қордай ауданында болған қақтығыс тікелей себеп болып отыр. Қордай ауданында болған жанжал салдарынан бірнеше үй мен автокөлік өртеніп, 11 адам қаза тапқаны хабарланды. Қазір оқиға орнында үкіметтік комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды. Енді міне, арада бір күн өтпей жатып 2 жыл облысты басқарған Асқар Мырзахметов те қызметінен кетті.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттік боксшы халықаралық турнирде топ жарды[:]

Tue Feb 11 , 2020
Ақпан айының 3-8 күндері аралығында Дебреценде (Венгрия) бокстан Халықаралық «Иштван Бочкай» турнирі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс,4 қола медальға қол жеткізді. 52 келідегі салмақта  жерлесіміз, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 1 курс студенті Сабырхан Махмуд финалда Үндістанның боксшысын ұтып, алтын алқаға ие болды. Желіде бөлісіңіз
Top.Mail.Ru