Top.Mail.Ru
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Облыстық ПД бастығы болып Жанат Сүлейменов тағайындалды.

Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды adilettv.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.

Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Арман Молдиярұлы Оразалиев Ішкі істер министрінің бұйрығымен кадр резервіне ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ербол Садыр қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды[:]

Tue Feb 11 , 2020
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары қызметінен босатыла отырып, қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып […]
Top.Mail.Ru