Top.Mail.Ru
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1068-ге жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1068-ге жетті

Бір тәулік ішінде 1638 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды.

Қытайдың Хуюэй провинциясында коронавирустан көз жұмғандар саны 1068 адамға жетті, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қытайдың жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, провинцияда вирус жұқтырғандар саны 33 366 адамды құраған, олардың ішінде 2639 науқас ауруынан сауығып шыққан.

Бір тәулік ішінде провинция бойынша 1638 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 1104-і коронавирус ошағы саналатын Ухань қаласында, тұрады.

Еске салсақ, Қытай билігі Ухань қаласында беймәлім пневмонияның көптеп тарап жатқаны туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғаш рет 2019 жылдың 31 желтоқсанында мәлімдеген болатын. Кейіннен мамандар оның 2019-nCoV коронавирус екенін анықтаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда пайда болған коронавирустың жаңа түріне ресми түрде COVID-2019 деген атау берді.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанда 2023 жылға дейін киік атуға тыйым салынды[:]

Wed Feb 12 , 2020
Қазақстанда 2015 жылдан бастап киік атуға тыйым салынған. Киіктердің санын көбейтіп, оларды сақтау мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми мақсаттан басқа жағдайда киіктерді атуға 2023 жылға дейін тыйым салынды. Бұл туралы ақпаратты комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. «Киікті […]
Top.Mail.Ru