Top.Mail.Ru
Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

“Мемлекет басшысының келісімімен бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып Нұрғалым Әбдіров тағайындалды”, – делінген ақпаратта.

Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін “құқықтану” мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған.

Ал, Түркістан облысының прокуроры қызметін уақытша атқарушы болып Н.Әбдіровтың бірінші орынбасары Артықбек Пашаев атқарады.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді [:]

Wed Feb 12 , 2020
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  Шымкентті дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау, сондай-ақ, қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында іс-шараларды өткізуге дайындығы туралы Шымкент қаласының әкімі […]
Top.Mail.Ru