Top.Mail.Ru
«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы –  бас редакторлар клубының 1-ші вице-президенті

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы –  бас редакторлар клубының 1-ші вице-президенті

Бүгін «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру – сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы сайланды. Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбай кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, өкілеттілігінің  мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.

Сондай-ақ, Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады. Олардың ішінде – «Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин (1-ші вице-президент), «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқармасының төрағасы Вячеслав Пашенко, «Sport»-«Спорт» республикалық газетінің бас редакторы Дүйсебай Дүрәлі, «Sakhara» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Кенжеболат Жолдыбай, белгілі блогер Ғалым Байтұқ бар.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Асыл ақыл-ойдың алыптары[:]

Thu Feb 13 , 2020
Әбу Насыр әл-Фараби және Абай Құнанбайұлының рухани мұраларының өзара үйлесімі Қазақтың киелі топырағы, Ұлы Даласы қашан да, қай кезең мен дәуірде де заманының заңғар тұлғаларынан кенде болмаған. Қай ұлт болмасын өткен тарихынан, тұлғаларынан нәр алып, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам баса алатыны ақиқат. Себебі, кез келген ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың […]
Top.Mail.Ru