Top.Mail.Ru
БҒМ: Түркістанда облыстық білім олимпиадасы әділетсіз өткен

БҒМ: Түркістанда облыстық білім олимпиадасы әділетсіз өткен

Жоғары ұпай жинаған  оқушылар жүлдесіз қалған.

Түркістан облысында 5-6 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында республикалық олимпиаданың облыстық туры өткен болатын. Бірақ өңірдің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің тексерісі біраз заңбұзушылықтарды анықтады деп хабарлайды adilettv.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс қортындысы бойынша, жүлделі орындарға конкурстың бірінші турынан өтпеген қатысушылар ие болған.

«Облыстық пәндік олимпиаданың қазылар алқасы тарапынан объективті емес шешім шығару фактілері; жүлделі орындардың әділетсіз берілуі, атап айтсақ төмен балл жинаған қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, жоғары балл алған қатысушылар – жүлделі орынсыз қалған. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетімен олимпиаданы өткізу ережелерінің талаптары бұзылған. Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне хаттар жіберілді», – делінген хабарламада.

Министрліктің ақпаратында, республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізуге Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдері жауапты болғандығы атап өтілген.

«ҚР БҒМ барлық деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардың ашықтығын әрі объективтілігін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Олимпиада өткізу үрдісінің ашықтығын барынша қамтамасыз ету мақсатында барлық ақылы олимпиадалар алынып тасталып, министрліктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуде. Олимпиадаларды толықтай цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топ мүшелері сотталды[:]

Tue Feb 18 , 2020
2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды. Сонымен, К.Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 288-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») […]
Top.Mail.Ru