Top.Mail.Ru
Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топ мүшелері сотталды

Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топ мүшелері сотталды

2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды.

Сонымен, К.Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 288-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Ю.Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Р.Ибрагимов пен В.Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттіктер қасиетті Қағбаға тікелей ұшады[:]

Wed Feb 19 , 2020
«Ашық аспан» жобасының аясында Шымкент-Медина әуе бағыты ашылады деген жоспар бар. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Берік Камалиев мәлім етті. Оның айтуынша, Қазақстанның азаматтық авиациясы «ашық аспан» жобасының аясында 14 жаңа халықаралық әуе бағдар ашуды жоспарлап отыр. Осылайша: Qatar Airways әуе компаниясы Доха-Нұр-Сұлтан, Доха-Алматы […]
Top.Mail.Ru