Top.Mail.Ru
Уханьда арнайы салынған аурухананың бас дәрігері көз жұмды

Уханьда арнайы салынған аурухананың бас дәрігері көз жұмды

Қытайдың Ухань қаласында коронавирусты жұқтырғандарды емдеу үшін арнайы салынған аурухананың бас дәрігері осы індеттен көз жұмды.

Бұған дейін аспан асты елінде COVID-19 вирусынан бірде бір медициналық мекеме басшысы мерт болған емес. Шамамен екі апта бұрын эпидемия басталмай тұрып, індеттің қаупі жайлы ескерткен дәрігер де коронавирустан ажал құшқан еді. Ол былтыр желтоқсанда аурудың алғашқы деректері жайлы достарына айтып, мессенджерде хабарлама таратқан. Алайда артынша офтальмологты полицияға шақыртып, жалған ақпарат таратуға тыйым салған болатын. Жалпы соңғы мәлімет бойынша, Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 72 мыңнан асады. Солардың 1700-ден астамы – медициналық қызметкерлер.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев 5 жылға сотталды[:]

Wed Feb 19 , 2020
Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкеевке сот үкімі шықты. Ислам Әбішов 5 жылға бас бостандығынан айырылса, Серік Түкеевке 4 жыл жаза кесілді. Оларға белгілі бір қызмет түрлерін атқаруға тыйым салынды. Су комитетінің бұрынғы төрағасы мен Серік Түкеевке бопсалау арқылы […]
Top.Mail.Ru