Top.Mail.Ru
Шымкентте биыл 12 117 пәтерлі 227 тұрғын үйдің құрылысы жүреді

Шымкентте биыл 12 117 пәтерлі 227 тұрғын үйдің құрылысы жүреді

Шымкентте алдағы 3 жылда 32 816 пәтерлі 652 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл 12 117 пәтерлі 227 тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Жоспар бойынша 4 640 пәтерлі 89 тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Айта кетсек, 2019 жылы Шымкентте 524 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өсімі жағынан республикада алғашқы үштіктің қатарында. Жалпы өткен 3 жылда 1,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынды.

Соның ішінде өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 836 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 450 көпбалалы отбасы, 242 халықтың әлсіз топтары, 904 жастар баспанамен қамтылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов халыққа есеп беру кездесуінде де айтты.

– Шымкентте тұрғындар санының жылдам өсуіне байланысты баспана мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегіне 140 мың азамат тіркелген. Оның ішінде 5 мыңы көпбалалы отбасылар. Осыған байланысты биылдан бастап тұрғын үй құрылысы қарқынды жүреді, – деген еді қала әкімі.

Еске сала кетсек, биыл тұрғын үй құрылысы бойынша Шымкент Сити, Тұран, әкімшілік-іскерлік орталығы аумағы негізгі құрылыс алаңы болмақ.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ардагерлерге 300 мың теңге беріледі[:]

Wed Feb 19 , 2020
Биыл Шымкентте Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы отан соғысы ардагерлеріне 300 мың теңге көлемінде бір реттік көмек төленеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің есептік жиынында мәлім болды. Онымен қоса, қарт жауынгерлердің Нұр-Сұлтан және Мәскеу қалаларында өтетін Ұлы жеңістің мерейтойына жолақысы өтеледі. Шаһар басшысының айтуына қарағанда мегаполисте Жеңіс тойы дүркіреп […]
Top.Mail.Ru