Top.Mail.Ru
Тарихтағы екінші қазақстандық UFC-ге өтті

Тарихтағы екінші қазақстандық UFC-ге өтті

Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал промоушен саналатын UFC (Ultimate Fighting Championship) ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

Осы уақытқа дейін Жұмағұлов 16 жекпе-жек өткізіп, 13 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген. Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 19 қазанында Сочидегі Fight Nights Global 95 турнирінде өткізді. Ол кезде Жалғас төрешілердің шешімімен кезінде UFC белбеуіне үміткер болған Али Багаутиновты (Ресей) жеңді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан атынан UFC-ге өткен екінші спортшы. Бұған дейін промоушенмен келісімшартқа Шавкат Рахмонов отырған еді. Шавкаттың алғашқы жекпе-жегі 21 наурызда Лондонда болатын Fight Night 171 турнирінде өтеді.

Сондай-ақ, UFC-де Ресейдің атынан шығатын этникалық қазақ Дамир Смағұлов та бар.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Тағамға арналған тостаған немесе жоғары оқу орны[:]

Mon Feb 24 , 2020
Бешбармақ ыдысы түріндегі Университет Қазнет пайдаланушыларының көңілін көтерді. Астана тұрғыны Алмас Дүйсебаев Нұр-сұлтан ғимараттары бейнеленген фотосуреттерге жаңа дем берді. Ерекше ойлайтын жас азамат университет қабырғасынан тағамға арналған тостағанды көре білген. Креативті фотосурет Алмастың инстаграмдағы жеке парақшасында жарияланған. Оның бұл жұмысы көпшіліктің көңілінен шығып мыңнан астам лүпіл мен жағымды пікір жинаған. […]
Top.Mail.Ru