Top.Mail.Ru
Шымкент: қала әкімі сауда орталықтарын аралады

Шымкент: қала әкімі сауда орталықтарын аралады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қазыбек» әмбебап базарына, «Шаһан-2», «Сайман» және «Hyper house» сауда орталықтарына барды. Ондағы санитарлық жағдайларды бақылаған шаһар басшысы бағаның тұрақтылығын да назарда екенін жеткізді.

«Сауда орындарына келген барлық тұрғындарды бетперде киюге міндеттеу керек. Ел тыныштығы мен тұрғындар денсаулығы – басты назарда. Белгіленген тәртіппен жүрсек, қиындықтарды бірге жеңеміз», – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен жедел топ құрылған. Барлық тиісті мамандар қаладағы базарлар мен сауда орталықтарында, дүкендерде, әуежай мен теміржол вокзалында, автовокзалдарда дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді[:]

Wed Mar 25 , 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейне байланыс арқылы қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде індеттің таралуын ауыздықтау үшін Төтенше жағдай және карантин режимін бұзғандарға қатысты шараларды қатаңдату қажеттігін айтты. – […]
Top.Mail.Ru