Top.Mail.Ru
Шымкентте COVID-19 жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Шымкентте COVID-19 жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Вирус жұқтырған науқас Нұр-сұлтаннан Шымкентке қалаараалық автобуспен келгені анықталды.

Қазіргі уақытта ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

“Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Омен байланыста болған барлық адам оқшауланды. Олардың да жағдайы қанағаттанарлық. Өмірлеріне қауіп жоқ”, – деді Варзилов “Хабар 24” арнасында болған эфирде.

Осы уақытқа дейін науқаспен қарым-қатынасқа түсіп үлгерген адамдардың барлығы бақылауға алынып, қоғамнан оқшауланған.

Айта кетейік, Шымкентте вирус жұқтырған алғашқы адам 24 наурыз күні тіркелді. Сонымен қатар осы күні Солтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында да коронавирус жұқтырған алғашқы науқастар анықталды.

Қазіргі таңда ел аумағында ауырғандар саны 79-ға жетті. Олардың

  • 41-і Нұр-сұлтан қаласында;
  • 31-і Алматы қаласында;
  • 2-еуі Қарағанды қаласында;
  • 1-еуі Алматы облысында;
  • 1-еуі Ақтөбе облысында;
  • 1-еуі Шымкент қаласында;
  • 1-еуі Жамбыл облысында;
  • 1-еуі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді;

 

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ДДҰ: "АҚШ коронавирус пандемиясының жаңа ошағы"[:]

Wed Mar 25 , 2020
Reuters ақпараты бойынша соңғы 24 сағат ішінде жаңа жағдайлардың 85 пайызы Еуропа мен АҚШ-та тіркелген. Оның 40 пайызы  Құрама Штатқа тиесілі. АҚШ-та COVID-19 диагнозымен 53 794 науқас тіркелген, оның 705-і қаза тауып, тек 371-і сауығып кеткен. Инфекция барлық 50 штатта тіркелді. Желіде бөлісіңіз
Top.Mail.Ru