Top.Mail.Ru
Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бұрынғы басшысы Е.Б. Үмбетке қатысты пара алғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген брифингте 1-ші департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті. Оның айтуынша, 19 наурызда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен шенеунік 4,5 жылға бас бостандығынан айрылды.

«Ол коммерциялық семинар өткізуге «Шымкент циркі» МКК залын жалға алуда цирк кассасына іс жүзінде қаражат төлеместен, қосымша уақыт бөлуге жәрдемдескені үшін кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған», – деді Данияр Бигайдаров.

Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айрылды.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент әкімі тұрғындарға үндеу жолдады[:]

Fri Mar 27 , 2020
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күнге елімізде қауіпті коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 112-ге жетті. Өкінішке орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бір науқас қайтыс болды. Жақын туыстарына көңіл айтамыз. Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласының екі тұрғыны да осы індетті жұқтырған болатын. Қазір олар қалалық инфекциялық ауруханада емделуде, денсаулықтары – тұрақты. Ол […]
Top.Mail.Ru