Top.Mail.Ru
Шымкент әкімі тұрғындарға үндеу жолдады

Шымкент әкімі тұрғындарға үндеу жолдады

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күнге елімізде қауіпті коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 112-ге жетті.

Өкінішке орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бір науқас қайтыс болды. Жақын туыстарына көңіл айтамыз.

Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласының екі тұрғыны да осы індетті жұқтырған болатын.

Қазір олар қалалық инфекциялық ауруханада емделуде, денсаулықтары – тұрақты.

Ол адамдармен байланыста болған 26 адам карантинге жатқызылып, тест-сараптамасы алынып, нәтижесі күтілуде.

Осы екі азаматтың мекен-жайы Абай ауданы «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы болғандықтан, инфекцияның таралуын шектеу үшін, осы елді мекен 14 күнге карантинге жабылды.

Сонымен қатар, қаладағы авто-вокзалдар мен бекеттердің және бала-бақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның келісіміне сәйкес, Шымкент қаласында 28-ші наурызда түнгі сағат 12-ден бастап, келесі қосымша шектеу шаралары енгізілетін болады:

Бірінші. Шымкент қаласы әуежайының, теміржол вокзалының жұмыстары, авиа және теміржол қатынастары толық тоқтатылады.

Сонымен қатар, автокөлік базарлары, азық-түлік жәрмеңкелері, мобильді телефон сататын дүкендердің жұмысы тоқтатылады.

Бұл ретте, қала тұрғындары мен қонақтарына, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға меншік түріне қарамастан барлық жайларда, тұрғын үйлерде және аумақтарда, діни нысандарда жеке, отбасылық, еске алу іс-шараларын және басқа да салтанаттар, жиындар өткізуге қатаң тыйым салынады.

Барлық сауда нысандарына өз тауарлары мен қызметтерін сатуда онлайн режимге көшуді үсынамын.

Екінші. Бұған дейін қызметіне шектеу енгізілген барлық сауда және басқа да нысандарда, келушілер мен сатушылар үшін медициналық бетперделерді киюді талап ететін санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі.

Сонымен қатар, мал базарлары тек жексенбі күні сағат 11-ден 17-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Үшінші. Қоғамдық тамақтану орындарының (кафе, мейрамхана және тағы басқалар) қызметіне сағат 10-нан 18-ге дейін шектеу енгізіледі.

Ал, сағат 18-ден 22-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын «тағамдарды үйге жеткізу және өзімен алып кету» режимінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, тамақтану орындары кіреберісте клиенттердің температурасын бақылауға және қолдарын санитарлық өңдеуге міндетті.

Клиенттерді «келушілер арасында бір бос үстел қашықтығы» форматы бойынша, залда 50 адамнан аспай отырғызуға міндетті.

Төртінші. Шымкент қаласының аумағына сағат кешкі 21-ден таңғы сағат 7-ге дейін автокөліктер мен азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынады.

Бұл, транзиттік көліктері мен азық-түлік тасымалдайтын көліктерге қатысы жоқ.

Бесінші: Қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6-дан 21-ге дейін шектеледі.

Құрметті жерлестер, осы шаралар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданып отыр.

Сондықтан, осы сын сағатта, түсінікпен қарап, бір-бірімізді сақтауға шақырамын.

Өздеріңіз және жақындарыңыз, қалаға шыққан жағдайда, бетперде киіп, антисептик қолданып, бір-бірлеріңізге көмектесіп, санитарлық тазалықты сақтап, аталған шектеулерді орындайды деген үміттемін.

Біз бірлесіп, осы қиындықты жеңеміз деп сенемін!

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына мәлімдеме жасады✅#Bizbirgemiz 🇰🇿

Опубликовано Еркеғали Балажаном Четверг, 26 марта 2020 г.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қызылорда облысының әкімі көмекшілерімен бірге қамауға алынды[:]

Fri Mar 27 , 2020
Бүгін, яғни 27.03.2020 жылы сағат 02:20 Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына: 1) Облыс әкімінің көмекшісі 08.09.1979 жылы туылған Дельмуханов Марат Нурсаинович, ҚР ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағымен күдікті ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеушісі Т.Амантаймен қамалған. 2) 27.03.2020 жылы сағат 03:15-те Қызылорда облысының әкімі 15.03.1968 жылы туылған Искаков Қуанышбек […]
Top.Mail.Ru