Top.Mail.Ru
Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», деп жазылған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Бұған дейін Желіде Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген хабарлама тараған болды. Хабарламада экс-әкім, оның көмекшісі, бизнесмен туысы және тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Тәжді вирус. Арнайы репортаж[:]

Sat Mar 28 , 2020
Шымкент коронавирус індетімен күреске дайын. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес қалада бірқатар ауқымды әрі маңызды жұмыстар атқарылуда. Мұндай ақтық шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Төтенше жағай уақытында Шымкент шаһардың тынысы жайлы Аdilettv.kz  дайындаған арнайы репортажды назарларыңызға ұсынамыз. Бұл сюжетте бетперде алуға болатын дәріханалар, оны тігетін цехтар […]
Top.Mail.Ru