Top.Mail.Ru
Шымкент: ТЖ режимінде зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы беріледі

Шымкент: ТЖ режимінде зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы беріледі

Шымкентте 100 мыңнан астам зейнеткер «Халық банкі» мен «Қазпочта» арқылы ай сайын зейнетақы алады. Одан бөлек қызметкерлер мен қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар да көмекті осы банктерден алады. Оған қоса төтенше жағдай кезінде төлемақы беріліп жатыр.

Сондықтан банкоматтарда кезек туындауы заңдылық. Осы мәселені реттеу мақсатында «Халық банкі» қалалық филиалы басшысының орынбасары А.Досымбеков қала аумағындағы бөлімшелері штатты режимде таңғы 09.00 мен 18.00 аралығында тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Банкке қарасты 176 банкоматта қаржы жеткілікті. Ақшаны қолма-қол алатын зейнеткерлерден қашықтықтан 7111 нөміріне хабарласу арқылы тегін зейнетақы карточкасын аштыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, банк бөлімшелерінде санитарлық нормалардың қатаң бақылауға алынғанын айтып, маскалық режим бойынша жұмыс істелініп жатқанын жеткізді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: бірқатар банк бөлімшелері сенбі күні  де жұмыс істейді[:]

Fri Apr 3 , 2020
Шымкент қаласы аумағындағы банк бөлімшелері штатты режимде жұмыс істеуде. Осы орайда, қаладағы бірқатар банк өкілдіктері сенбі күні де өз қызметтерін жалғастырып, сапалы қызмет ұсынуға күш салуда. Ертең, 4 сәуір күні клиенттерін қабылдайтын банктердің жұмыс режиміне тоқталсақ, Home credit (10.00-17.00), ВТБ банк (10.00-15.00), Halyk банк (9.00-18.00) және Форте банктің екі бөлімшесі […]
Top.Mail.Ru