Top.Mail.Ru
Шымкентте вирус жұқтырған 13-науқас тіркелді

Шымкентте вирус жұқтырған 13-науқас тіркелді

Шымкенттің аумағынан өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды. Ол 1964 жылы туылған Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны.
Науқас 28 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жатқызылған.
Ал, транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Бұл Шымкентте тіркелген 13-жағдай.

Шымкент қалалық төтенше жағдай штабы

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Банктердің қызметі электронды төлем жүйесі арқылы жүргізіледі[:]

Mon Apr 6 , 2020
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. Сондай-ақ брифингте «Халық банкі» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова, «Банк Хоум Кредит» Шымкент қаласы филиалының директоры Ахатай Тілеукеев төтенше жағдай кезіндегі банк қызметтері мен банкоматтардың жұмысы туралы баяндады. – Қазіргі таңда қала аумағындағы банк […]
Top.Mail.Ru