“Ашық есік күні” ұйымдастырылды

Студенттермен тұрақты кездесу шарасы аясында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында “Ашық есік күні” өтті.

Оған академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері қатысты. Оларды экономикалық соттың судьясы Нұрдәулет Рахынбаев қабылдады.

Бұл іс-шара сот жұмысында қолданылатын заманауи технологияларды насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және халықтың сотқа деген сенімін арттыру, мақсатында өткізілді.

Сотқа алғаш келген студенттерді экономикалық соттың қарауына жататын істер, олардың қаралу мерзімдері және судья қызметінде туындайтын қиындықтар қызықтырды.

Олар «Төрелік» ақпараттық жүйесінде құжаттардың айналымын және қашықтықтан өткен сот процесін көріп, танысты.

«Ашық есік күнін» өткізу сот жұмысының заманауи жұмыс форматтары туралы азаматтарды ақпараттандыруға көмектесіп, студенттерді тәрбиелеуде маңызы зор.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Тағайындаулар[:]

Thu Sep 19 , 2019
Қырымбек Елеуұлы КӨШЕРБАЕВ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Ол 955 жылғы 20 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. ҚР Премьер-министрінің орынбасары, баспасөз хатшысы және ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған. Бұдан бөлек  ҚР Білім, мәдениет және денсаулық министрі, Білім және ғылым министрі болды.  Бұған дейін ҚР Президент Әкімшілігінің […]