Шымкент: Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлім етті.

Шымкент қаласында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері Төтенше жағдай кезеңінде қала тұрғындарының қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында және қоғамдық келісімнің тұрақтылығының маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өз бастамасымен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:

1) «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС:
– сумен жабдықтау қызметіне тариф – 88,17 теңгеден 83,75 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді;
– су бұру қызметіне тариф – 35,13 теңгеден 33,38 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

2) «Қуатжылуорталық-3» МКК:
– ыстық сумен жабдықтау қызметіне есептеу құралдарымен қамтылмаған жеке тұлғаларға тарифі 1 адамға 736,53 теңгеден 662,88 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға төмендетілді;
– есептеу құралдарымен қамтылған жеке тұлғаларға ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3-ге 230,16 теңгеден 207,14 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға;

3) «Таскудык Бак» ЖШС:
– тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне тариф 70,99 теңгеден
67,44 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;
4) «Женис Т» ЖШС:
– тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф 3916,82 теңгеден 3720,98 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

5) «Сайрам су» ЖШС:
– сумен жабдықтау қызметіне тариф 72,08 теңгеден 68,48 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Қала аумағында жауын-шашынның салдары жойылды[:]

Tue Apr 14 , 2020
Шымкентте екі күн қатарынан толассыз жауған жауын суы бірқатар аулаларға кірген. Сәуірдің 12-13 күндері төтенше жағдайлар қызметіне Қаратау және Абай аудандарының аумағынан өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріна екі рет шақырту келіп түскен. Құтқарушылар мекенжай бойынша барып, көше бойындағы бірқатар үйлердің аулаларын жауын суынан тазалау жұмыстарын атқарды. Жалпы бұл жұмыстарға департаменттің […]