Top.Mail.Ru
Алматыда 110 медицина қызметкері короновирус жұқтырды

Алматыда 110 медицина қызметкері короновирус жұқтырды

Коронавирус індетін Алматыда Орталық клиникалық аурухананың 110 қызметкері жұқтырды. 2 медицина қызметкері ауыр хәлде.

Бір тәулікте жаңадан 174 жағдай анықталды. Оның 58-і вирусқа шалдыққандармен байланыста болғандар. Балалар  жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, Орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медициналық қызметкері, жедел жәрдем қызметінің 2 маманы, №32 қалалық поликлиниканың 1 маманы, №11 қалалық поликлиниканың 1 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 медициналық қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. Қазіргі  таңда эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте коронавирустан көз жұмған адам жүк көлігінің жүргізушісі[:]

Tue Apr 14 , 2020
Бүгін үшінші мегаполисте вирус жұқтырған бір науқас қайтыс болды. 1962 жылы туған азамат Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Рабат ауылының тұрғыны. Бұл туралы тікелей эфирде өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова хабарлады.  Еске сала кетсек, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосібір» бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда […]
Top.Mail.Ru