Шымкентте коронавирустан көз жұмған адам жүк көлігінің жүргізушісі

Бүгін үшінші мегаполисте вирус жұқтырған бір науқас қайтыс болды. 1962 жылы туған азамат Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Рабат ауылының тұрғыны. Бұл туралы тікелей эфирде өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова хабарлады.

 Еске сала кетсек, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосібір» бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген болатын. Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. 58 жастағы азамат денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ аппаратына қосылған. Науқас бұған дейін артериалдық гиперензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған. Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, Республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген. Бүгін таңғы сағат жетілер шамасында науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының мәліметінше, науқаспен қарым қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында стационарға жатқызылған. 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz] Рамазан айында ауызашар беруге уақытша тыйым салынды[:]

Tue Apr 14 , 2020
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы індеттің таралып кетпеуі үшін, мешіттер мен дәмханалар секілді қоғамдық орындарда ауызашар беруді уақытша тоқтатуды ұсынды. Ораза ұстаған адамдарға ауызашар беруде тиісті амалдарды жүзеге асыруға үндеді. Өз сөзінде мейрамханаларға тапсырыс беріп, ауызы берік адамдарға тамақ тарату, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік […]