Димаш коронавируспен күрес туралы жаңа ән шығарды

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жаңа туындысын ұсынды. Бұл жолы төрткүл дүние күресіп жатқан вирусты індет COVID-19 жайлы.
ВКонтакте желісіндегі Xinhua News парақшасында жарияланған композиция «We Are One» (Біз біргеміз) деп аталады. Бейнебаянда вирустың бастауы болған –Ухань қаласы, бетперде киген адамдар,медицина қызметкерлері мен дүкенде бос қалған сөрелер көрсетілген. Көңілді нотада аяқталған бейнебаян халықты бірігіп, қатерлі инфекцияны бірге жеңуге үндейді.
«We Are One» (Біз біргеміз) – әнінің сөзін Gao Shang/Shang Yang, ал әуенін Dong Nan/Tang Yi жазған.
Әнші өзінің әлеуметтік парақшаларында әннің шыққаны туралы жариялаған жоқ. Әйтсе де өнер иесінің жанкүйерлері бейнебаянды қызу талқылауда.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте 1 миллион бетперде таратыла бастады[:]

Thu Apr 16 , 2020
Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион […]