Шымкентте ірі сауда орындарына дезинфекциялық өткелдер орнатылуда

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымкентте дезинфекциялық өткелдер орнатылуда.

Мұндай қондырғы Қазыбек (Дулати көшесі бойындағы) азық-түлік базарының кіреберісіне орнатылды. Жақын күндері дезинфекциялық өткелдер «Акбар», «Жабық базар» секілді ірі сауда орындарына да қойылатын болады.

Осы ретте қала әкімдігі барлық кәсіпкерлерді сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз нысандарында  залалсыздандыру қондырғыларын орнатуға шақырады. Бұл тұрғындар арасында қауіпті індеттің таралуының алдын алудағы шаралардың бірі.

Бүгінге дейін қаладағы 4 ауданда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Дезинфекциялау қала көшелерінде, көпқабатты үйлерде, аулаларда және жаяу  жүргіншілер жолдары мен аялдамалар сынды қоғамдық орындарда атқарылуда.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері қаулыға өзгеріс енгізді[:]

Fri Apr 17 , 2020
ҚАУЛЫ Шымкент қаласы 14 сәуір 2020ж. №10 Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы […]