Top.Mail.Ru
Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті

Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті және Түркістан облысы Төлеби мен Отырар аудандарының тауарөндірушілерінің бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 миллион теңгені құрайтын 78 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері қала тұрғындарына ұсынылды. Аталмыш жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан саудаланды.

Жәрмеңкеге арнайы келген қала әкімі Ерлан Айтаханов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол берілмей, мұндай жәрмеңкелердің жиі әрі үздіксіз ұйымдастырылатынына сендірді. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы бірлесіп жасалған шара үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке өз алғысын жеткізді.

Түркістан облысының екі ауданы шымкенттіктерге ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын және қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Сонымен қатар, жемеңкеге келген шаһар тұрғындары мен қонақтары  Шымкент қаласының мәдениет басқармасы және Төлеби мен Отырар әкімдіктерімен бірлесе ұйымдастырған концерттік бағдарламасын  мәз-мейрам болып тамашалады.

Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудың негізгі мақсаты –халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Ал, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тікелей өздері өнімдерін өткереді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:ru]ЦЕРЕМОНИЯ ЗАКРЫТИЯ МОЛОДЕЖНОГО ФЕСТИВАЛЯ «TURKISTAN-JASTAR QALASY!»[:kz]«TURKISTAN-JASTAR QALASY!» жастар фестивалі өтті[:]

Mon Sep 23 , 2019
Түркістанда «TURKISTAN-JASTAR QALASY!» атты жастар фестивалінің қорытынды кезеңі мен жабылу салтанаты өтті. Жастар жылы аясында қолға алынған жобаны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.Шараның мақсаты – жастар арасында мәдениеттің дамуына ықпал ету және насихаттау, бос уақытты ұйымдастыру, талантты жастарды анықтау, сондай-ақ жас дарындардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне қолдау […]
Top.Mail.Ru