Уәлібек Әбдірайымов Қайрат Нұртасқа ренжулі екенін жеткізді

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен оның анасы продюсер Гүлзира Айдарбековаға У.Әбдірайымов ренішін жеткізді, деп хабарлайды adilettv.kz ақпарат агенттігі Youtube арнасындағы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Жуырда «Шаншар» театрының 25 жылдығы өткелі отыр. Алғашқы кәсіби сахнасы «Шаншар» театрының сахнасы болған әртістер шақырылуда. Сәкен Майғазиев, Жұбаныш, Заттыбек сынды керемет әншілер өнер көрсетеді. Соның ішінде Қайрат Нұртас та бар. Мен Нұртасқа хабарластым. Нұреке  екеуміз өте жақсы сөйлесеміз. Қайрат… – ой білемін ғой деді ойымды бөліп. 6 ай алдын хабар беріп қойдық. Желтоқсан айының 16-сы – Алматы, 22-сі Астана, қатыссын деген өтініш жасаған едік. Ең алғашқы кәсіби сахнасы біздің шаңырақтан басталды.  Алдын ала келісім берген еді. Афишаларға қосуға әзірленіп жатсақ, уақыттың жақындаған тұсында админстратор хабарласып, бұлар басқа жаққа кетіп жатыр, қатыспайды екен дейді» – деп Уәлібек Әбдірайымов Қайрат Нұртасқа деген ренішін жасырмады.

Екінші жағдай «EXPO» кезінде болғанын жеткізді. Оның айтуынша ОҚО-ғы күндерінде ұйымдастырылған концертке Қайрат Нұртасқа шақыру жіберіп, хабарласқан. Алайда бара алмайтынын жеткізген ол концертке басқа адамдардың шақыруымен келіп қатысыпты. Сол кезде әріптестері келмейді деген едің ғой, қалай жүр ол дегенде, мен ұятқа қалдым дейді. Одан кейін Нұртасқа хабарласып, абыройын төккенін жеткізсе, Нұрекең әйеліне сілтеген екен.

Бұл жағдай бір емес бірнеше рет қайталанғанға ұқсайды.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ерлан Айтаханов қаладағы құрылыс нысандарын аралады[:]

Tue Sep 24 , 2019
Қала әкімі Ерлан Айтаханов Шымкентте салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмысымен танысты. Алдымен әкімшілік іскерлік орталығындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан шаһар басшысы мердігер мекеменің басшысына жұмысты жандандырып, нысанды мерзімде аяқтау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына инфрақұрылым мәселесін де тез әрі оңтайлы шешуді тапсырды. Одан соң Ерлан Қуанышұлы С.Бәйтереков көшесінде […]