Шымкент: Карантин режимі жеңілдетілді

29 сәуірден бастап Шымкент қаласында карантин жеңілдетілді. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев тиісті қаулыға қол қойды.

Атап айтқанда, азаматтардың серуендеуіне рұқсат берілді. Енді балаларға тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңдары аумағында серуендеуге рұқсат етілді. Міндетті түрде ата-аналардың бақылауымен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін. Балалардың ойын алаңдарында көптеп жиналуына жол берілмейді, сондай-ақ қорғағыш бетперде киюге міндетті. Ересектерге өз тұрғын үйлерінің аулаларына күніне екі рет – 6.00-ден 12.00-ге дейін және 15.00-ден 21.00-ге дейін серуенге шығуға рұқсат беріледі. Екі метр арақашықтықты және бетперде режимін сақтау керек. Саяжай маусымына қатысты, Шымкенттіктер тек қала аумағында орналасқан саяжайлар мен бақшаларға бара алады. Таңғы сағат алтыдан бастап баруға болады, кешкі сағат тоғыздан кеш қайтпауы тиіс. Өзімен бірге саяжайға немесе бақшаға меншік құқығын растайтын құжаты болуы қажет. Ал коммуналдық қызметтер мен әскери қызметкерлерді жұмылдыра отырып, аумақтарды өңдеу карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады. Полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы тәртіпті қадағалайтын болады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz] Шымкент: Қайтпас-1 шағын ауданына жарық жүйесі тартылады[:]

Thu Apr 30 , 2020
Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған тұрғын үйлердің қабырғаларының әрі көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей түсе бастаған. Мәселені талайдан бері қозғап жүрген үй тұрғындарымен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады. Кездесу барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көпқабатты үйлердің құрылысын […]