Top.Mail.Ru
Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді

Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді

Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуен киелі Тараз қаласынан мақталы Мақтаарал ауданына жетіп келді.

Көне шаһардың жақсыларынан жылу жинап, көмекке асыққан жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық заттар жөнетілген.

Бүгін бас-аяғы 10 миллион теңгеден астам демеушілердің есебінен жиналған көмек қызыл судан зардап шеккен азаматтарға үлестіріледі. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан КАЛЕНДЕРОВ тасқын судан жапа шеккен мақтааралдықтарға мұнымен көмек тоқтап қалмайтынын айтты.

Айта кетейік, Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарынан қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қолдау білдіреміз деушілер үшін “Түркістан” корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді. Қайырымдылықты аталмыш қордың есеп шоттарына да аударуға болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Коронавирус инфекциясы 1 адамнан анықталды[:]

Mon May 4 , 2020
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат жарияланды. Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. […]
Top.Mail.Ru