Top.Mail.Ru
Шымкенттік құтқарушылар Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінде көмек көрсетуде

Шымкенттік құтқарушылар Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінде көмек көрсетуде

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған ауданға 2020 жылғы 2 мамырда шыққан құтқарушылар күн сайын ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізуде, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су басқан ауылдарды аралауда. Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді.

200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында құтқарушылар қайықта тексеру жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті. Су басқан үйлерден олар құнды заттар мен құжаттарды көшіруге көмектесті. Сондай-ақ, ауылды су ағысынан қорғау үшін құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Барлығы 100 қап құм төселді.

Командалық-штабтық машинасы арқылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Түркістан облысының және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшыларымен байланыс орнатылды. Шымкент қаласының құтқарушылары су деңгейінің мониторингін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, оған жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Айта кетсек, бүгін Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерге авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Пандемияның аяқталуына болжам жасайтын сайттан Қазақстан шығарлып тасталды[:]

Tue May 5 , 2020
Сингапур технология және дизайн универсиеті және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін арнайы уақыт режимінде бақылап отыратын сайтынан Қазақстанға жасаған болжамын алып тастады. Еске сала кетсек, ғалымдар ауруды жұқтыру дерегі 2 маусымда 97 пайызға, 14 маусымда 99 пайызға қысқарады. 28 шілдеде індеттің таралуы толығымен аяқталады деп мәлімдеме жасаған болатын. Дегенмен, […]
Top.Mail.Ru