Top.Mail.Ru
Шымкент: Мақтааралға қосымша күш жіберілді

Шымкент: Мақтааралға қосымша күш жіберілді

05.05.2020 жылы сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы техникалар мен қосалқы күш жіберілді.

Көмекке жіберілген техникаларға тоқталсақ, 21 жеке құрам, 4 дана техника (АСО 20 – 1 дана, АЦ – 2 дана, УАЗ – 1 дана) және 6 дана мотопомпа (МП-100) көлемінде қосалқы күштер мен құралдар бағытталды.

Жалпы 2020 жылдың 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 жеке құрам, 8 дана техника, 1 дана квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемді қайық) құрамында 2 эшалон жолданды.

Еске сала кетсек, кеше Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілген болатын.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттік кәсіпкер 550 отбасыға «Ауызашар қоржынын» азық-түлік таратты[:]

Tue May 5 , 2020
«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты. Қазақстанның Бас мүфтиі Рамазан айының қарсаңында елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптары ескеріліп, қауіпсіздікті сақтау үшін ауызашар берудің орнына ораза ұстаған жандарға тамақ таратып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіруге, оларға қаржылай қолдау көрсетуге шақырған болатын. Бұған дейін бірнеше рет […]
Top.Mail.Ru