Top.Mail.Ru
Әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежай ашылды

Әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежай ашылды

Қытай астанасы Бейжіңде әлемдегі ең үлкен халықаралық «Дасин» әуежайы ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды Қытай БАҚ-тары.

Бұған дейін әуежай құрылысының басшысы Ли Цзяньхуа «SkyTeam» альянсына кіретін барлық әуекомпаниялардың жаңа халықаралық әуежайға көшетінін, ал «Star Alliance» әуекомпаниялары «Шоуду» халықаралық әуежайында қалатынын мәлімдеген. Ресейлік «Аэрофлот» әуекомпаниясы да «SkyTeam» альянсының мүшесі болғандықтан жаңа әуежайға көшеді. Әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежайдың құрылысы 5 жыл бұрын басталған болатын. «Дасин» әуежайы Бейжіңнің оңтүстік бөлігінде, орталықтан 46 км қашықтықта орналасқан. Төрт ұшу-қону жолағы бар әуежай жылына 620 мың рейсті қабылдай алады. Әуежайдың жалпы ауданы 47 шаршы шақырымды құрайды. Жылына 45 миллион жолаушы келеді деп жоспарланып салынған.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Теннисші Елена Рыбакина Ухань турнирінің ширек финалына шықты [:]

Wed Sep 25 , 2019
Дүниежүзілік рейтингте 50-орында тұрған Е.Рыбакина үшінші айналымда осы турнирдің төртінші, әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 6-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен кездесті. Есеп бірінші партияда қазақстандық теннисшінің пайдасында 5:4 болғаннан кейін С.Халеп матчты жалғастырудан бас тартты. Бәсеке 45 минутқа созылды. Е.Рыбакина Ухань турнирінің (жүлде қоры – 2,828 млн АҚШ доллары) жартылай финалына шығу […]
Top.Mail.Ru