Top.Mail.Ru
Карантин кезінде спорт нысандарына қойылатын талаптар

Карантин кезінде спорт нысандарына қойылатын талаптар

Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек:

– кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау

– температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;

– кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

– адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында кемінде 1-1, 5 метр қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету;

– ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттан 50%-ға дейін бір мезгілде жиналатын келушілерге рұқсат етіледі және көрермендерді залдарға қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтау;

– аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;

– санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау

– жұмыскерлер арасында жеке, өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

– қолғаптарды, маскаларды, респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

– әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;

– профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;

– жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салу, тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде – тамақ ішетін бөлмеде ішу. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен оны күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін қол жууға арналған раковинасы бар үй-жай бөлуді қарастыру.

Барлық нысандар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс жасайды.

Талаптар сақталмаған жағдайда, айыппұл салынып, нысан жабылады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Нұрсәттегі» көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары басталды[:]

Wed May 13 , 2020
”Нұрсәт” шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын, қала әкімі М.Әйтенов осы аумақты аралау барысында тиісті мекемеге тапсырған болатын. Қазіргі таңда “АРТ құрылыс” ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты […]
Top.Mail.Ru