Top.Mail.Ru
Шымкент: 7 мыңнан астам нысан жұмысын қайта бастады

Шымкент: 7 мыңнан астам нысан жұмысын қайта бастады

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

Бүгінде Шымкент қаласында жұмысын қайта бастаған кәсіпорын нысандарының жалпы саны шамамен 7 мыңнан асып отыр. Олардың басым көпшілігі шағын және орта бизнес субъектілері.

Мәселен, 30 – сауда базарлары, 221 – 500 шаршы метрден жоғары барлық бағыттағы дүкендер мен сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, 80 фотосалон, 158 медициналық орталық, 273 стоматологиялық клиника, 20 жарнама агенттіктері мен 20 жылжымайтын мүлік агенттіктері, 120 жеке кабиналары бар моншалар, 60 үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер және 263 автожуу, май ауыстыру, техникалық қызмет көрсету станциялары. Келіп түскен өтініштердің көрсеткіші бойынша қазір қалада 166 679 адам жұмысына қайта кіріскен.

Сондай-ақ, Мақсұт Пернебайұлы қалада бірқатар шектеулер алынғанымен төтенше жағдай режимі 25 мамырға дейін жалғасатынын айтқан.

– Халыққа қызмет көрсететін барлық нысан өкілдерінен барынша санитарлық талаптарды қатаң ұстануын, қауіпсіздікті басты назарға алуын сұраймын. Қала тұрғындарын да бетперде мен антисептик пайдаланып, қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтауға шақырамын, – деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]В Шымкенте заработало свыше 7000 субъектов бизнеса[:]

Sat May 16 , 2020
Об этом сообщил в Facebook заместитель акима Шымкента Максут Исахов. В основном это субъекты малого и среднего бизнеса. В их числе 30 рынков, 221 магазин, 80 фотосалонов, 158 медицинских центров, 273 стоматологические клиники, 20 рекламных агентств, 20 агентств недвижимости, 120 бань (работают только кабинки), 60 зоо- и цветочных магазинов, 263 автомоек, […]
Top.Mail.Ru