Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан ғалымдары әзірлеген COVID-19 қарсы инактивацияланған вакцинаны тіркеді.

Қазақстандық ғалымдар дайындап шыққан коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцинаны клиникаға дейінгі сынау жүргізілуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинаны тіркеп, оны ресми сайтында COVID-19-ға қарсы клиникаға дейінгі зерттеулерге рұқсат етілген вакцина кандидаттарының тізіміне енгізді, – делінген хабарламада.

Вакцинаны Қазақстан аумағында ауырғандардан бөлінген вирус штамының негізінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірлеген. Кезекте институт ғалымдары клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізуі керек.

Осылайша, Қазақстан ресми түрде COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина әзірлеушілер қатарына кірді, – деп мәлімдеді министрлік.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Карантин шаралары күшінде[:]

Mon May 18 , 2020
                    ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!       Қаламызда карантин шаралары әлі де жалғасады. Сәйкесінше, шектеу шаралары қатаң сақталуы тиіс. Вирустық инфекцияны жұқтыру қаупі толық аяқталмағанын ескертеміз! Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қажетсіз үйден шықпаңыз. Қонақтарды шақырмаңыз және қонаққа бармаңыз. Балалар […]