Асқар Мамин Түркістан облысына іс-сапармен келді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді,- деп хабарлайды Adilettv.kz порталы үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты.

Түркістан қаласында А. Мамин жаңбырлатып суару технологиясын енгізумен ауыл шаруашылығындағы ирригация желілерін жаңғырту және тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты. 

Үкімет басшысы Түркістан қаласындағы жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің егіс алқаптарын, материалдық-техникалық базасы мен өнімдерін көріп, жергілікті фермелермен кездесуде өңірдегі агроөнеркәсіп бизнесін одан әрі дамыту бойынша жоспарды талқылады. 

Премьер-Министр Түркістан қаласындағы көлік, әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және туристік инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Новая автостоянка аэропорта будет вмещать 485 автомашин[:]

Fri May 22 , 2020
Сейчас на территории аэропорта ведутся работы по благоустройству и асфальтированию территории. С проектом по благоустройству территории аэропорта ознакомился аким Шымкента Мурат Айтенов. По планам, автостоянка будет рассчитана на 485 мест. В обустройстве объекта задействовано 12 единиц техники. На территории стоянки будет восемь мест для людей с ограниченными возможностями. Также проект […]