Top.Mail.Ru
А. Мамин Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

А. Мамин Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Р Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді. 

 

Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты.

 

Түркістан қаласында А. Мамин жаңбырлатып суару технологиясын енгізумен ауыл шаруашылығындағы ирригация желілерін жаңғырту және тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты.

 

Үкімет басшысы Түркістан қаласындағы жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің егіс алқаптарын, материалдық-техникалық базасы мен өнімдерін көріп, жергілікті фермелермен кездесуде өңірдегі агроөнеркәсіп бизнесін одан әрі дамыту бойынша жоспарды талқылады.

 

Премьер-Министр Түркістан қаласындағы көлік, әкімшілік, әлеуметтік-мәдени және туристік инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz] ЕҰУ – үздіктердің үздігі[:]

Sat May 23 , 2020
2020 жылғы 15 мамырда жарияланған Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің нәтижелері бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тағы да көш бастап, үздіктердің үздігі атанды. Жинаған көрсеткіш балы – 152 943. Бұл әрине осы оқу ордасындағы профессор-оқытушылардың, әкімшілік қызметіндегі білікті мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әсіресе бұл тұрғыда осы университеттің ректоры, ҚР […]
Top.Mail.Ru