Top.Mail.Ru
ЕҰУ – үздіктердің үздігі

ЕҰУ – үздіктердің үздігі

2020 жылғы 15 мамырда жарияланған Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің нәтижелері бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тағы да көш бастап, үздіктердің үздігі атанды. Жинаған көрсеткіш балы – 152 943. Бұл әрине осы оқу ордасындағы профессор-оқытушылардың, әкімшілік қызметіндегі білікті мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әсіресе бұл тұрғыда осы университеттің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың ерекше ұйымдастырушылық, менеджерлік талантын ерекше атап өтпеске болмайды. Оқытушылардың, студенттердің шынайы құрметіне ие болған қарапайым басшының іскерлігіне бүкіл ұжым мүшелері тәнті екенін атап көрсеткен жөн.

Екінші және үшінші орында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (70 085 балл) және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (50 051 балл). Рейтингке қатысуға республика бойынша 89 ЖОО өтініш беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген.

Агенттік атап өткендей, саралау нәтижесі төмендегідей өлшемдер бойынша бағаланған: білім сапасының Халықаралық көрсеткіші ретінде институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу; адам ресурстарының даму деңгейі; жоғары білімді интернационалдандыру; ғылыми зерттеулердің даму деңгейі; түлектерді жұмысқа орналастыру және еңбек нарығына сұраныс.

2020 жылғы рейтингтің ерекшелігі –  ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауда топтар бойынша білім беру бағдарламаларын саралау болып табылады.

Айта кету керек, Еуразия ұлттық университеті бірнеше жыл қатарынан осы рейтингтегі көшбасшылардың үштігіне кіреді. Бұл талапкерлер мен студенттер арасында сұранысқа ие, тиімді саясат пен даму стратегиясының, түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейінің, Халықаралық мойындаудың және көрнекті профессор-оқытушылар құрамының көрсеткіш еңбектері болып есептеледі. Жоғары оқу орнының қызметі жыл сайын білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің ұлттық білім рейтингтерінде жоғары бағаланып келеді.

ЕҰУ әлемдік білім беру QS WUR6 рейтингсінде университеттер арсындағы өткен ТОП-400 жоғары оқу орнындары тобына кіреді.

Өткен жылы Еуразия ұлттық университеті алғаш рет «Times Higher Education Young University Rankings 2019» жас университеттер рейтингісінің 251-300 тобы арасынан көрінді. «Times Higher Education Asia University» аймақтық рейтингісінде ЖОО ТОП-301-350 тобында.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ биыл Round University ranking нәтижелері бойынша да жақсы нәтиже көрсетті, яғни өткен жылмен салыстырғанда 20 позицияға жақсарып, жалпы рейтингте 620 орынды иемденді. Толық мәліметті төмендегі сілтемеден алуға болады. https://www.kazpravda.kz/fresh/view/natsionalnii-reiting-vostrebovannosti-vuzov-rk-2020

Іргелі оқу ордасы елдегі төтенше жағдай кезінде де оқу процесін онлайн режимде ойдағыдай ұйымдастыруда. Әрбір білім алушының оқу ордасымен тығыз байланыста болуын мұқият қадағалап, кейбір интернет желісіне қосылуда мәселе туындаған білім алушыларға да қамқорлық жасалды. Соның нәтижесінде биылғы оқу жылы да сәтімен аяқталып келеді.

 

М.БАЛҚЫБЕКҰЛЫ,

Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]QR-кодпен Kaspi.kz мобильді банкингте төлемдер жасауға болады[:]

Sat May 23 , 2020
Енді “электрондық үкіметтің” төлем шлюзінде (ЭҮТШ) QR-кодты сканерлеумен «Kaspi.kz»мобильді қосымшасы арқылы ыңғайлы төлемдер қолжетімді. Мемлекеттік қызметтер үшін және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің  осы әдісін пайдалану үшін “электрондық үкімет” веб-порталында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушісінің кабинетінде қызметке тапсырыс беру жеткілікті, elicense.kz немесе ХҚКО филиалдарында, кейіннен ЭҮТШ […]
Top.Mail.Ru