Top.Mail.Ru
Жетім баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлем алуға өтініш беру енді оңай

Жетім баланы асырап алуға байланысты ақшалай төлем алуға өтініш беру енді оңай

«Электрондық үкімет» порталы арқылы жетім баланы және/немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындауға өтініш беру енді оңай.

 

“Біз бұл процесті барынша жеңілдетуге әрекет жасадық және енді төлемді алу үшін тек негізгі мәліметтерді енгізу қажет. Тағайындалған төлем сомасы көрсетілген жауап немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне келіп түседі. Бұл қызметте бала туралы ұсынылған деректерді, банк шоты туралы деректерді тексеру сыртқы ақпараттық жүйелерден жүргізіледі. Бұл бұрын болмаған жаңашылдық. Аталған жаңартулар қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартты” — деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

 

Көрсетілген қызметті алу үшін порталға eGov.kz кіру және «Отбасы» қосымша бетін таңдау. «Бала» бөлімінде «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» көрсетілетін қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту. Содан соң бала асырап алу туралы сот шешімі туралы мәліметтерді, баланың ЖСН және бала асырап алушының (өтініш берушінің) атына екінші деңгейдегі банкте ашылған жеке шоттың нөмірін енгізу қажет, содан соң қызметті смс-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

 

Сонымен бірге қызмет жергілікті атқарушы органдар қалалар Нұр – Сұлтан, Алматы және Шымкент, сондай-ақ облыстар мен облыстық маңызы бар қалалар.

 

Қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

 

* * * * * * * *

 

«ҰАТ» АҚ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы болып табылады, сондай-ақ орталық пен өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

«ҰАТ» АҚ

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д. Қонаев көшесі, №12/1 үй,  «TRUST» БО

Телефондары: +7-7172-740598 (ішкі 3132),+7-7172-702000 (ішкі 3067)

press@nitec.kz

www.nitec.kz

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Аким Шымкента поздравил с Ораза-айт[:]

Sun May 24 , 2020
”Поздравляю жителей Шымкента со священным мусульманским праздником – Ораза айт! Во время месяца Рамазан, который призывает к духовному очищению и милосердию, шымкентцы активно участвовали в благотворительных мероприятиях. Они помогали и продолжают помогать нуждающимся. Мир спасет доброта. В этот праздничный день желаю вам крепкого здоровья, семейного счастья и благополучия! Несмотря на […]
Top.Mail.Ru