Эстонияда Димаштың құрметіне ескерткіш белгі орнатылды

Қазақстанның Эстониядағы елшілігі мәліметінше, Эстонияда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі қойылды, деп – хабарлады Adilettv.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz  –ке сілтеме жасап.

Елшілік ақпаратынша, кеше, 24 мамырда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Таллин қаласындағы Кадриорг саябағында Димаш Құдайбергеннің құрметіне орнатылған ағашқа ескерткіш белгінің ашылуына қатысты.

“Бұл акцияны ұйымдастырған Dimash Estonian Dears фан-клубының мүшелері 300 жылдық тарихы бар саябақтағы сүйікті әншілерінің әнін біреу тыңдар деген үмітте екенін айтты”, – делінген елшіліктің хабарламасында.

Айта кетейік, Эстониядағы Dimash фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновке тапсырма берді[:]

Mon May 25 , 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды,-деп хабарлайды Adilettv.kz ақпараттық порталы Ақорданың ресми порталына сілтеме жасап. Алтай Көлгіновтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қолжетімді тұрғын  үй құрылысы айтарлықтай жандана түскен. Осы орайда баспана кезегінде тұрған азаматтар мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан […]