«Томирис» тарихи фильмі 27 қыркүйек күні үлкен экранда көрерменге жол тартады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында кинокартинаның режиссері Ақан Сатаев хабарлады. Туындыда біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы оқиғалар суреттеліп, аты аңызға айналған Тұмар ханымның тағдыры баяндалады. Картинаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «Сатайфильм» компаниясы бірлесіп түсірген. Бас продюсері әрі идея авторы – Әлия Назарбаева. Ал, басты рөлді Альмира Тұрсын сомдаған. Айта кетерлігі, киноны түсіруге шетелдік мамандар мен актерлер тартылған жоқ.

Фильм 93 күн түсіріліп, жобаны шығару кезеңі екі жарым жылға созылды. Картинаны түсіру жұмыстары 2017 жылы желтоқсан айында Алматы облысы Заречный ауылының маңында басталған. Ақан Сатаевтың айтуынша, кей күндері түсірілім алаңында бір уақытта 800 адамға жуық кісі болған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев фильмді түсіруге  2 млрд 259 млн теңге жұмсалғанын айтып өтті. Сонымен қатар бұл фильм − Томиристі сомдайтын Альмира Тұрсынның актерлік мансабындағы ең алғашқы туынды.

Ақпарат көзі: 24.kz

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте: "5 447 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде"[:]

Thu Sep 26 , 2019
2019 жылдың 24 қыркүйегіне дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға 74 520 отбасынан өтініштер түсті. Бүгінгі күнге 62 731 қаралып, 52 874 отбасыға 44,6 млрд. теңге тағайындалды. Одан  44 184 отбасыға немесе 218 524  адамға 14,2 млрд. теңге төленді. 9 801 өтініш, яғни 15,6 пайызы кері қайтарылды. Қабылданған өтініштердің саны 2018 […]