Top.Mail.Ru
Коронавируспен күресуге бөлінген қаржы қайда жұмсалды?

Коронавируспен күресуге бөлінген қаржы қайда жұмсалды?

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Еліміздегі коронавирус пандемиясына қарсы күрес шараларына бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу жұмыстары жайында баяндалды.

Есеп комитеті басшысының айтуынша, қаржы шығындарын бақылау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте Қаржы министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулар мен камералық бақылауға тексеріс жүргізіледі. Екінші кезеңде Есеп комитеті еліміздің 17 өңіріне бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ревизия жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына, Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды және тексеріс нәтижелері туралы тұрақты түрде есеп беріп тұруды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайындағы қорытынды есебімен танысты. Есеп комитеті бірінші рет бюджеттің жиынтықталған қаржылық есебі бойынша аудит жүргізген болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Аймағамбетов жаңа оқу жылы қашан басталатынын айтты [:]

Tue May 26 , 2020
Қазақстанда коронавирус эпидемиясына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқып жатыр. Мектеп оқушылары қорытынды емтихан тапсырмайды Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Алайда білім және ғылым министрлігі оқу қандай форматта болатыны әлі нақты белгісіз екенін хабарлады. Сондықтан қазіргі уақытта оқушыларды дәстүрлі және қашықтан оқытуға байланысты бірнеше жоспар дайындалып жатыр. Бұл туралы […]
Top.Mail.Ru