Top.Mail.Ru
Премьер-Министр БАӘ елшісіне «Достық» орденін табыстады

Премьер-Министр БАӘ елшісіне «Достық» орденін табыстады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан ҚР-дағы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джаберді қабылдады,- деп хабарлайды Adilettv.kz ақпараттық порталы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Асқар Мамин М. Әл-Джаберге ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін биылғы 6 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады. 

Үкімет басшысы БАӘ дипломатымен екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. 

БАӘ-дан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $2,1 млрд құрайды, Қазақстан Республикасынан Біріккен Араб Әмірлігіне — шамамен $1 млрд. Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 342 бірлескен кәсіпорын тіркелген. 

Кездесуге Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты. 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді[:]

Wed May 27 , 2020
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы онлайн-брифинг өтті. Брифингте белгілі болғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 04.05.2020 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған. Бұл […]
Top.Mail.Ru