Top.Mail.Ru
Е.Айтаханов: “Қала тазалығына жауаптылардың мәселесі қатаң қадағаланатын болады”

Е.Айтаханов: “Қала тазалығына жауаптылардың мәселесі қатаң қадағаланатын болады”

Қала әкімі Е.Айтаханов Шымкенттің тазалығы жөнінде жиналыс өткізді. Жиын барасында қала әкімі Шымкенттің тазалығы көңіл көншітпейтін жағдайда екенін айтып, өзінің атына осы мәселе бойынша тұрғындардан шағымдардың өте көп түсіп жатқандығын баса айтты. Ішкі аулалардағы қоқыстардың уақтылы шығарылмауы, жол бойындағы қоқыстардың тазаланбауы бүгінде шаһардың негізгі проблемасына айналып отырғанын алға тартты. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы аталмыш саланы осындай деңгейге түсіргені үшін және тұрғындардың қолайлы өмір сүрулеріне немқұрайлы қараған жауапты сала мамандарын қатаң сынға алды.
Осы орайда қала әкімі тазалық жұмысын күшейту мақсатында тиісті қаражатты бюджеттен қарастыру үшін өзінің орынбасары Е.Садырға тапсырма берді. Тиісінше шаһардағы аталмыш мәселені күнделікті бақылап, мониторинг жүргізіп, тиісті ұйымдастыру шараларын жүргізуді қала әкімінің орынбасары Б.Пармановқа тапсырды.

«Шымкенттің ажары мен тазалығы баршамыздың ортақ міндетіміз. Аудан әкімдері халықпен тығыз байланыста болып, қаланы ластамау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізулері шарт. Ал, қоқыс тазалайтын тиісті мекемелер өз жұмыстарына салғырттық танытса мәселелері қатаң қаралатын болады»,– деді Е.Айтаханов.

Жиынды қорытындылай келе шаһар басшысы қала аумағында құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияларға көше бойында өсіп тұрған талдарды мүмкіндігінше кеспеуді тапсырып, ал, кесілген жағдайда бір талдың орнына он тал отырғызуды міндеттеді. Бұл мәселенің орындалуын қала әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктеді.
Қаладағы кесіліп жатқан ағаштар бойынша халықтың наразылығы орынды екенін айтқан қала басшысы бір талдың орнына он тал отырғызу міндетінің орындалуы әкімдіктің назарынан тыс қалып қойса да тұрғындардың басты назарында болатынын айтты.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН 6 МӘДЕНИ НЫСАН ЖАҢАРТЫЛАДЫ[:]

Thu Sep 26 , 2019
Түлкібас ауданында көп жылдан бері тозығы жеткен мәдени нысандарында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған игі бастама, ауыл тұрғындары рухани азық алатын нысандардың маңыздылығын тағы бір рет айшықтап берді. Соның нәтижесінде, аудандық бюджет есебінен Елтай, Жанұзақ, Көкбұлақ, Алғабас, Рұсқұл […]
Top.Mail.Ru