Top.Mail.Ru
ӘКІМГЕ ХАЛЫҚТАН АСҚАН СЫНШЫ ЖОҚ!

ӘКІМГЕ ХАЛЫҚТАН АСҚАН СЫНШЫ ЖОҚ!

Шымкент қаласы мегаполис аталғалы бірнеше әкім келіп-кетті. Бүгінде Мұрат Әйтенов тізгінде. Карантин жағдайына қарамастан қалада біршама жұмыстар, әсіресе құрылыс жұмыстары жүріп тұр. Бірақ ең маңызды сала – ұлттық идеологиямыз қандай күйде?!

Экономиканы жолға салуға болады, бірақ руханиятымызды әлсіретіп алсақ, оны қалыпқа келтіру оңайға соқпайтыны бесенеден белгілі. Ал енді руханиятымыздың жанашыры ретінде, жаршысы саналатын БАҚ өкілдерінің жағдайы күн сайын назар аударатын өзекті мәселеге айналғандай бүгінде. Әлеуметтік желі белсенділері де қазірде ел қатарында дер кезінде ақпарат таратып, қайрат көрсетіп келе жатқанын жасыруға болмайды әрине. Бірақ біздің айтқалы отырған мәселеміз – БІРЛІК. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген аталы сөзіміз қашанда құдіретін жоғалтқан емес. Өкінішке қарай, сол ауызбіршілікті сақтап, ынтымаққа шақыратын «дана басшыны» жоғалтқандаймыз. Бұған уәж бар ма дейсіз ғой! Әрине, бар. Ендеше нақтылыққа көшейік.

Салауатты тұрмыс салтын қалыптастыратын сала – спорт. Ұлттық спортымыздың Шымкенттегі жағдайы сын көтермейді. Мегаполистің дене шынықтыру және спорт басқармасы «сен тимесең мен тимен» дегенге көшкені қашан. Ал басқарманың «басы» жоқ. Бізде дарынсыздардың қолдаушысы көп, дарындыларды жоқтаушысы жоқ. Спорт саласына көзді жұмып, олимпиада жеңімпаздарын, өз ұлтымыздың батырларын тағайындап, саланы дамытуға бетбұрыс жасауға әкімге не кедергі болып тұрғанын түсіне алмадық. Бұл салада бұрынғы басшының жемқорлық әрекеттері белең ала бастағандықтан қызметтен босатылғаны жиі айтылуда. Спортқа жанашыр басшы қалтаны емес, намыс пен туды ойлау керек емес пе? Өкінішке қарай, мұны талдап, талқылайтын басшы жоқ. Бұл салаға өзінің маманы, яғни «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» дегендей, спортқа ғұмырын арнаған адамды қоймай, көші ілгері баспас. Іштей келісерсіз. Мұны бір деп қойыңыз.

Мегаполистегі тағы өзекті сала – білім. Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты аты дардай колледждердің басшылары зейнет жасынан асып-тасып жатса да, олардың орны және колледждердің тағдыры ешкімді алаңдатпайды. Карантин деген көп басшыларға үлкен сылтау болды. Осыны себепке алып не конкурс жарияламайды, не басқа білгір маман, таланттарды тауып тағайындамайды. Кім үшін, не үшін ұстап отыр бос орынды? Бұған бірнеше мектептерді қосыңыз. Әкім қайда қарап отыр? Әлде алдағы сайлау себеп пе? Мұны екі деп қойыңыз.

Енді негізгі мәселе – бұқаралық ақпарат құралдары. Шымкент қаласының әкімдігі, нақты айтқанда қала әкімі Әйтенов мырза жарғақ құлағы жастыққа тимей әрекеттеніп жүр. Айналасындағы кеңесшілеріне айтар сөзіміз жоқ. Соңғы кездерде БАҚ өкілдерін алаулаушылық пайда болған сыңайлы. Әкім алдына сараланып БАҚ өкілдерінің басшы-лары кіретінді шығарды. Тізімді әкім жасай ма немесе жаңадан тағайындалған баспасөз хатшысы жасай ма, әзірге белгісіз. Бірақ өрескел қателіктер кетіп жатыр. Нағыз халықтың жанайқайын билікке жеткізіп жүрген журналистер тасада қалып, өзіне ұнағандар әкім жанында жүр. Бет қатталып жатқанда әріптесіміз, «Ресми фактор» газетінің бас редакторы Әлия Ортаевамен жедел сұхбаттың сәті түсіп қалды. Себебі ол өзінің фейсбук парақшасында пост жариялапты. Соны сол қалпында назарларыңызға ұсынайық. Онда: «Қала әкімі абайласыншы. Абыройсыздау кеткен үшінші мегаполистің «зың» әкімінің жанында жүрген бикеш бүгінгі әкімді де айналшықтай бастапты. Отырысы мынау, бетте маска жоқ. Арай, а, Арай, Арай Есенбек. Шымкентте осы екі бикештен басқа журналист жоқ па? Жиында басқалары көрінбейді ғой. Арай, кезінде «зың» әкімнің соңынан оңбай түсіп едің. Енді мына әзәзіл әрекеттен жаңа әкімді арашалауға шамаң жетер ме екен, досым-ау!» делінген жазба тұр екен. Жалма-жан әріптесімізге қоңыраулаттық.

Фото:  Әлия Ортаева – “Ресми Фактор” газетінің Бас редакторы

– Әлия ханым, Шымқаланың соңғы әкімінің жұмысына көңіліңіз тола ма?

– Жалпы, мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтің жұмысына мен емес, бағасын халық берсін. Жұмыстар бар, бірақ нәтижесі әлі көріне қойған жоқ. Жемісін бергенде, бұл туралы кеңінен әңгімелейік, Қуаныш мырза. Көңіл қынжылтар тұс, коммуналдық шаруашылық саласы назардан тыс қалған. Осы орайда қала әкіміне тарифтердің негізсіздігіне назар аударсын деген достық рәуіш бар. Осы тақырыпқа мәселені көтерсең, кейде кері байланыс болмай қалады.

– Идеологиялық бағыт туралы көзқарасыңыз…

– Идеология карантинге қарамай жұмыс істеп жатыр. Бір бағыты – БАҚ-тың жұмысы тоқтаған жоқ. Мәдениет онлайнда жұмыс істеп жатыр. Бірақ бетперде мәселесіне көңіл толмайды. Мен маска кию тәртібі туралы айтып отырмын. Жәй адамдарға мейлі дейік. «Әкімдікте әкімнің кеңесшісінің (ресми не ресми емес кеңесші ме, ол тек әкімге ғана аян, бізге белгісіз) жиналыста маскасыз отыруы құлаққа кірмейді». Оның мемлекеттік саясатқа, Президент, қала әкімінің қазіргі ұстанымына «қарсы әрекетіне» көз жұма қарауға болмайды. Егер әкімнің кеңесшісі осылай отырса, халыққа қалай маска ки дейміз? Талапты әкімдіктегі қыз, баспасөз өкілі орындамаса, халықтан нені талап етеміз?»

– Постыңыз жайында не айтасыз? «Зың» әкімнің қасында жүрген бикеш турасында айтып жатырсыз ғой қазір? Жалпы кімді меңзедіңіз?

– Әйгерім Жұмағұлованы. Аты дардай телеарнаның аруы әкімдікте жиналыста бетпердесіз отыр. Журналистердің көбі қазір Абаев айтқандай онлайн тәртібімен жиналыстарды әлеуметтік желі арқылы бақылауда. Шымкенттік шенеуніктер бетперде тәртібіне келгенде қалай Жұмағұловаға «жалпақшешейлік» танытып отыр, түсінбедім?! Әкімдіктегілер саяси қызметкерлер негізі. Ал, мемлекеттік саясат қазіргі маска кию. Тәжітажалдан (коронавирустен) сақтанудың бір жолы емес пе бұл. Өз сөздеріне өзі қарсы шығып отыр ма? Бетпердесіз бикешті көрмей қалдық деп қалай жалтарады екен? Постқа суретімен салдым. Тап тұмсықтарының астында отырған Әйгерім ханымды менің ойымша осы әрекеті үшін ақ аластату керек әкімдіктен. Себебі осыдан кейін өзгеден қалай талап етеді, бетперде ки деп… Ел Президент пен әкімнің айтқанына бағынбай жиналыстың бел ортасында бет тұмшасыз отырған Әйгерім Жұмағұлованы Әйтенов мырза бәлкім жауапкершіліктен «кеңесшісі» болғандығы үшін арашалап қалар. Оның ресми не ресми емес кеңесші екені әзірге белгісіз. Онда өзгеден де ештемені талап етпесін. Осы тұста да кері байланысты байқамадық. Оттап, оттап қоярсың деді ме, баспасөзі де, басқасы да бұл мәселе туралы мәлімдеме бермеді. Онда өзгеге де талап қоймасын. Осы орайда әкімдіктегі бір жиналысқа мен де маскасыз баруды жоспарлап отырмын. Көрелік, Әйгерім Жұмағұловаға бөлек заң, маған бөлек талап шығарғанын…

Фото: коллаж, ашық дереккөзден және Әлия Ортаеваның фейсбук парақшасынан алынды

– Алтын уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет!

Көріп тұрғандарыңыздай, бұл бір ғана әріптесіміздің пікірі. Яғни ол өзінің ашық ойын айтып отыр және оның оған толық құқығы бар. Ертең бұл оқиғаға басқа да әріптестеріміз өз пікірлерін айтуы мүмкін. Біздің мақсат бұл жерде әкімнің әлі де шындыққа тура көзбен қарауын қалап отырмыз. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» дейді қазақ. «Байтал шауып бәйге алмас» деген тағы бар. Бәріміз үшін Отан біреу. Ол тәуелсіз Қазақстан. Ендеше бірлігімізді сақтап, «алалап жұмыс жасауды» доғару қажет. Халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Әлемді шарлаған пандемия да аяқталар, карантиннен де шығармыз. Бірақ ары қарай мегаполистің межесі қандай болмақ? Бұған уақыт төреші.

Қуаныш БОТАБЕКОВ

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

One thought on “ӘКІМГЕ ХАЛЫҚТАН АСҚАН СЫНШЫ ЖОҚ!

  1. Мақалаңызды көріп қуанып қалдым қалада құрылыстан басқа жұмыс жоқпа әкім құрылыс алаңдарынан шықпайтын болыпты әлеуметтік экономикалық жобалар қашан көреміз біз қашан дамимыз қала бюджеті қашан өзін өзі қамтамассыз ете алады құрметті БАҚ өкілдері әкімге осы сұрақты қойыңыздар, салық басқармасы және экономика бюджетті жоспарлау басқармалары қала бюджеті туралы халықпен бөлісіп отырсыншы менде жалпы жергілікті билікке сауалым көп жұмыссыздық жағдайы не болып жатыр

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Қоғамдық көліктер шілде айынан бастап электрондық төлем жүйесіне көшпек[:]

Fri May 29 , 2020
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Shymkent» ӘКК урбанистика департаментінің директоры Жеңіс Жалбыр және «QazSmartTrans» ЖШС-і директоры Сержан Ақылбаевтың қатысуымен «Жолаушыларды тасымалдау саласын реформалау» тақырыбында онлайн-брифинг өтті. Бррфинг барысында ең алғаш сөз алған әкім орынбасары қаламыздағы қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мақсатында осы жыл ішінде қолданыстағы маршруттар желісі […]
Top.Mail.Ru