Top.Mail.Ru
Шымкент: Еріктілер жылы қалай өтуде?

Шымкент: Еріктілер жылы қалай өтуде?

Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Қалтаевтың қатысуымен 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары жөнінде брифинг өтті.

             «Шымкент қаласында 20 астам қоғамдық ұйымдар еріктілікпен белсенді айналысады. Қазірге дейін 3000 волонтер ресми тіркелген, дегенмен Волонтер кез келген уақытта біліктілігін, уақытын, тіпті ақшасын жақсылық жолында жұмсауға дайын адам болғандықтан қалада волонтер санын  нақты айту қиын» , – дейді Жандос Қалтаев.

Волонтер жылының басталғанына жарты жыл толса да олардың атқарып үлгерген істері орасан. Әсіресе елімізде орын алған Төтенше жағдай сонымен қатар Түркістан облысында біріне соң бірі орын алған су тасқыны жағдайларында еріктілер жұмысының маңызы артты.

Бүгінде Еріктілер жылына байланысты қала жастарының азаматтық белсенділігін дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген.

Шымкент қаласында Волонтерлар жылына орай:

  • Біргеміз жалпыұлттық жобасы;
  • Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер» жобасы;
  • «Шымкент-қайырымды қала» жобасы;
  • «Жасыл және таза қала» жобасы;
  • «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы»;
  • «Ізгілікте жарысайық» жобасы;

«Мейірім» жобалары ұйымдастырылуда.

Халықтың әртүрлі жас топтарын волонтерлік қызметке тарту қажеттілігін ескере отырып, еріктілерді қолдау мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылды. «Жария», «Мейірім», «Добряки Шымкентта», «Волонтер Шымкент», «ASSA», «Ізгілікте жарысайық», «Благо дарю», «Lider.kz», «Жастар қуаты» 9 волонтерлық ұйымдар қауымдастықтың құрылтайшылары болып табылады.

Волонтерлармен жобаларды үйлестіру мақсатында Жастар ресурстық орталығы жанынан «Волонтерлермен жұмыс жүргізу» бөлімі ашылды.

Орталық волонтерлық бағыттағы ауқымды жобалар мен акцияларды жүзеге асырылуда.

Алайда, елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жол картасында қарастырылған кейбір шараларды ұйымдастырып өткізу мүмкіндігі болмауда.

Осыған байланысты, волонтерлық жұмыстар төтенше жағдай кезеңіндегі шаралармен ұласты.

Коронавирус пандемиясының алдын алу шараларын ұйымдастыру жоспары әзірленіп бекітілді.

Ақпараттық – насихаттық жұмыстар бойынша:

Қоғамды сабырлыққа шақыру, коронавирустан сақтану және тарылуының алдын алу мақсатында әлеуметтік 8 бейне роликтер мен                20 түрлі электронды флаерлер дайындалып, әлеуметтік желілерге орналастырылды.

Қайырымдылық шаралары туралы:

Жыл басынан бері қаладағы волонтерлық ұйымдар, ерікті жастар, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен «Ізгілікте жарысайық», «Жанға жылу», «Қамқор», «Мейірім», «Біргеміз» акциялары арасында бірге 100-ден астам шаралар ұйымдастырылды.

7245 аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік, 333 отбасыға дәрі-дәрмек, 1млн. астам бетперделер мен антисептиктер таратылды.

Волонтерлармен бірлесе отырып, «Біргеміз Sabaqtastyq» бағытында №4, №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер жобасы» жүзеге асырылуда.

«Qamqor», «Saulyq» бағытында ардагерлер үйі мен дағдарыс орталықтарында 15 кездесу, ардагерлер үйінде сенбілік шаралары, мерекелік кештер мен 80 ардагердің қан қысымын өлшеу шаралары бойынша арнайы жұмыстар жүргізілді.

«Шымкент волонтерлар қауымдастығы» Мақтаарал ауданына төтенше жағдай зардаптарын жоюға атсалысу мақсатында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар, азық-түліктер мен балаларға ойыншықтар, төсек орындарын жеткізу үшін көмектесуде.

Шымкент қаласының кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға қажетті  аяқ-қиім мен спорттық киімдер, әртүрлі жастағы азаматтарға 500 киім-кешек жолданды.

«Ізгілікте жарасайық» «Meyirim.kz» «Клуб добряков Шымкент» қоғамдық қорларының волонтерлары 1 ай бойы Мақтаарал тұрғындарымен бірге болып көмек көрсетті.

Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы –

«Жас сақшы» жобасы аясында 80 волонтерлер аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесе отырып, сауда орындары, ойынханалар, тамақтану орындары мен дүкендердің жұмысына бақылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Төтенше жағдайлар уақытында жастардың бос уақытын ұйымдастыру туралы –

Карантин уақытында жастардың үйде отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау ережесін ұстануын, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша онлайн іс-шаралардың жоспары бекітілді.

  • білім беру математика, физика, ағылшын тілдерінен онлайн сабақтар;
  • спорттық челлендж үйдегі сергіту жаттығулары, жерден кеудені көтеру, пресс жасау, шахмат ойыны;
  • мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша онлайн кеңес беру шаралары;
  • танымдық шаралар психологиялық, құқықтық, медициналық онлайн кеңестер беру, үй жағдайында бетперде тігу, антипсептиктер дайындау, бет күтімі мен қолөнер шеберлігінен шеберлік сағаттары, лайфхак;
  • мәдени шаралар «Әндету кеші онлайн», «Sulu models» модельдік агенттігінің шеберлік сағаты»;
  • қоғаммен байланыс әлеуметтік роликтер әзірлеу, монтаж жасау және SMM дайындау бойынша шеберлік сағаты, «#Uide bol, #biz birgemiz» челленджі ұйымдастырылды.
  • egov электронды үкіметі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және ЭЦҚ кілтін алу бойынша кеңес берілді;
  • Жастардың карантин уақытында пайдалы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Үйде бірге оқимыз» челенджін бастадық. Челлендждің өзгешелігі челенджге қатысушы жасқа өз таңдауы бойынша  3 кітап оқу талабы қойылған болатын. Бір айға жалғасқан челенджде 3000 жас 9000 кітап оқыды. Жеңімпазға Іphone 11 PRO телефоны сыйға берілді.

Бүгінде Шымкент қаласында «Бірлік», «Скрам», «Отырар» кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталықтары жұмыс жасайды.

Волонтер жылы аясында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының және қалалық жастар ресурстық орталығы  жанынан коворкинг орталығын ашу жоспарлануда.  Орталық волонтерлар қызметті үйлестіреді.

Орталықтар арқылы әртүрлі нысаналы санаттағы азаматтар волонтерлік қызметке кеңінен тартылады. Олар кеңес береді, кездесулер, тренингтер өткізеді. Өзара байланысты үйлестіреді. Бүгінде орналасу эскиздері, дизайны әзірленуде.

«Жастар ресурстық орталығы» ғимараты ішінен жастарға арналған тегін  «Коворкинг» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ашық кеңсе және тәуелсіз бола отырып, өздерінің іс-әрекеттері үшін ортақ кеңістікті қолданатын жастардың жұмыс істеу моделін жүзеге асыру жоспарлануда.

«Shymkent HUB coworking zone» жастарға қолжетімді жұмыс кеңістігі, кездесуге арналған таптырмас open office, тегін қолжетімді Wi-fi интерет желісімен қамтамасыз етіледі.

Коворкинг жұмыс алаңы жастарға тегін абономенттік карталар береді. Ұйымдастырушы креативті орта құруға, жастардың басын біріктіріп, идеяларды талқылауға бір уақытта 50 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану  үшін ең тиімді нұсқалардың бірі релакс зона жүйесі жүзеге асырылады.

Коворкинг ішінде, тематикалық кештер ұйымдастыратын анфи театр, конференц зал, букроссинг бұрышы, «ІТ park» жас бағдарламашылар мектебі жұмыс жасайтын болады.

Орталықтарда волонтерларды «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының 7 бағытына сәйкес, негізгі қызметтер мен жобалар үлестіріледі.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының волонтерлары мен волонтерлық ұйымдарын қолдау, азаматтық белсенділігін арттыру бойынша «Волонтерлік бастамаларды қолдау жобасы» (бұдан әрі-Жоба) жүзеге асырылады.

Жоба аясында Волонтерлар қоғамдағы өзекті мәселелерді волонтерлар көмегімен шешуге бағытталған жобаларды әзірлеп ұсынады.

Жобалар арнайы құрылған комиссияда және онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталады.

Комиссияға ұсынылған жобалардың арасынан ең үздік 10 жобаға 1 млн. теңге қажат көлемінде гранттар беріледі.

Волонтер жылының қорытындысы бойынша волонтерлікпен үздік айналысқан волонтерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының үздік волонтерлары мен волонтерлық ұйымдарын «Волонтер жылының» қорытындысымен арнайы алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру арқылы 2020 – Волонтерлер жылын сәтті, тиімді жүзеге асыратын боламыз», – деп сөзін қортындылады Ж. Қалтев.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Бас прокуратура ел тұрғындарына үндеу жариялады[:]

Fri Jun 5 , 2020
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібіне байланысты үндеу жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының prokuror.gov.kz ресми сайты. «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! 6 маусымынан бастап «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заң (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізіледі. Жиналыстарды, митингілерді және […]
Top.Mail.Ru