Top.Mail.Ru
Шымкент: 260 жаңа үлгідегі аялдама орнатылады

Шымкент: 260 жаңа үлгідегі аялдама орнатылады

Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Орнатылатын кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.

Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Дала өртінің алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде[:]

Fri Jun 5 , 2020
Шымкент қаласы аумағында жыл басынан бері орман және дала өрттері тіркелмеген. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісовтің қатысуымен қала аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде өрт сөндіру іс-қимылдарын жасау бойынша өткен баспасөз брифингінде айтылды. Брифингте департамент басшысы атқарылып жатқан шараларға тоқталып, […]
Top.Mail.Ru