Top.Mail.Ru
Шымкентте жылыжай көлемі 200 гектарға дейін ұлғайды

Шымкентте жылыжай көлемі 200 гектарға дейін ұлғайды

Шымкент қаласында жылыжай көлемі артып келеді. Биылдың өзінде 6 гектарға жуық жылыжай кешені іске қосылып, қаладағы жабық кешендердің жалпы аумағы 200 га жетті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл соңына дейін тағы 15 гектар өнеркәсіптік жылыжай айналымға қосылады деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Шаһардағы жылыжайлардың 62 гектары соңғы үлгіде жабдықталған әлеуетті өндірістер. Жаңа технология бойынша, яғни, түркиялық, испаниялық қондырғылармен жабдықталған.

Осылайша, жылдан-жылға қалада өндірілетін көкөністің сапасы артып келеді.
Шаруалар мегаполис тұрғындарын жыл бойы ай көкөніспен қамтуды жоспарлап отыр.

Былтыр Шымкенттегі жылыжайлардан 7200 тонна өнім жиналып, одан түскен қаржы көлемі 2,4 млрд. теңгені құраса, биылғы жылы өнім көлемін 10 мыңнан тоннадан асыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ, осы салаға маманданған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қалада «Агро-индустриалды аймақ құрылды. Қазіргі таңда жылыжайларға 32,3 млн. теңгеге дейін тыңайтқыштардың құнын арзандату бойынша субсидия беріліп, мемлекеттік қолдаулар жүзеге асырылып жатыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент: Жыл соңына дейін 590 автобус әкелінеді[:]

Sat Jun 6 , 2020
Шымкентте қоғамдық көлік жаңа автобустармен толығып, аялдамалар салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз турында мәлім болды. Жуырда Шымкентте қоғамдық көлік сапасын жақсарту мақсатында жаңа жүйе қабылданды. Соның нәтижесінде көлік саласындағы түйткілді мәселелер рет-ретімен шешімін таппақ. – Төлем карталары тамыз айынан бастап, 500 теңгеден сауда орталықтары мен дүкендерде сатыла бастайды. […]
Top.Mail.Ru